Өне бойым өршiп тұр – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Өне бойым өршiп тұр» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 16.07.2021
  • 0
  • 0
  • 678
Өне бойым өршiп тұр,
Тұла бойым тершiп тұр.
Түндiгiңде Ай балқып,
Кiндiгiңде көлшiк тұр…
Өртенген кiм, күйген кiм?
Ертегiдей күйге ендiм.
Қабырғаңнан сөгiлдiң,
Қамырдайын илендiң.
Таңдай кеуiп, құрғап тiл,
Əлсiн-əлсiн үн қаттың…
Бəденiңдi базарлап,
Əлемiңе шым баттым.
Шамырқандым, шарқ ұрдым,
Шамға ұмтылдым-шарпылдым.
Сабыр таппай сарқылдым,
Ауа жетпей алқындым.
Алақандай ашылдың,
Ақ моншақтай шашылдың.
Шалқып барып шаршадым,
Балқып барып басылдым.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өне бойым өршiп тұр өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Өне бойым өршiп тұр өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өне бойым өршiп тұр өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Өне бойым өршiп тұр өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері