Құс тілімен хат жазамын бауырға – Алма Түсіпбекова

Бұл бетте «Құс тілімен хат жазамын бауырға» атты Алма Түсіпбекова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 17.09.2021
  • 0
  • 0
  • 811
Ізгіліктің құдіреті зор дәйім,
Үйіме кір, жаным салып қорғайын.
Басқа құстар жылы жаққа кетті ұшып,
Сен неліктен қалып қойдың, торғайым?
Мейірімін тірлігіңе ем көре,
Сенгенің бе, екі аяқты пендеге?
Шатыр астын мекен еттің бір өзің,
Жылы жаққа кетпей қалдың сен неге?
Құс – адамның досы еді ғой, қорғаймын,
Бұйығасың.
Бар ма еді әлде зор қайғың?
Тереземді айқара ашам, төрлет, кел,
... Бақ шығарсың, кейпіне енген торғайдың?..
Таң атады.
Күн батады.
Сабылыс,
Келді, міне, ақ қылышты тағы қыс.
Бұл әлемде сенде ғана қалған-ау,
Қимастық пен сағыныш...
Кеткің келді, сен де өзіңді қинадың,
Білем, білем.
Туған жерді қимадың.
... Кей адамға дарытса ғой, шіркін-ай,
Осы құстың санасына жиғанын.
Жұдырықтай кейпіңменен ауырға
Қайыспадың,
Қар мен мұзға, дауылға.
... Құс тілімен хат жазамын күні ертең,
Туған жерін сағынбайтын бауырға...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Құс тілімен хат жазамын бауырға өлеңінің авторы кім?

Алма Түсіпбекова — осы өлеңнің авторы.

Құс тілімен хат жазамын бауырға өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Құс тілімен хат жазамын бауырға өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Алма Түсіпбекова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Құс тілімен хат жазамын бауырға өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері