Қол созғанмен жете алады Күнге кiм? –
Исраил Сапарбай
Бұл бетте «Қол созғанмен жете алады Күнге кiм?» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Қол созғанмен жете алады Күнге кiм?
Шер буғанда шағушы едiм гүлге мұң. . .
Кiндiгiне сырға таққан қыздардың
Түндiгiнен Ай қарай ма, бiлмедiм.
Көзден ұшып қос етек пен қос бұрым,
Өз iшiмде өлiмсiреп өштi үнiм.
Көшкен күндi көкжиекке ұзатып,
Иттей ұлып отырамын кешқұрым.
Көзiмдегi тұнжырыма түн айғақ.
Мен сияқты мұңай сен де, мұңай бақ.
Қу тiрлiктi құлағынан жетелеп,
Құлақ-миды жеп барады Жынойнақ!
Көнтоз көңiл көндiге алмай ыңғайға,
Шыбын жанның шырқы кетер мұндайда.
Ай астында «Алтыбақан» тербелiп,
Күн астында күмбiрлейтiн күн қайда?..
«Қайда, қайда, қайда, қайда, қайда?» деп
Маң далаға маңып кеттi майда леп.
... Көкдөнендi көкжиекке босатып,
Көзiмдi ашсам... аспан да жоқ, Ай да жоқ!
Кiндiгiне сырға таққан, қылдай қыз,
Елден безiп ендi кiмдi тыңдаймыз?
«Кеше мен де сендей едiм» дегендей
Су түбiнде сұңқылдайды сұм Байғыз...
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі