Кеудеңді құйын кеулеп, жел кергенде –
Исраил Сапарбай
Бұл бетте «Кеудеңді құйын кеулеп, жел кергенде» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Кеудеңді құйын кеулеп, жел кергенде,
Түседі-ау ғазиз басың сергелдеңге.
Емінген елігіне ессіз жүрек
еншісін егеленбей ем көрген бе?
Арудың бетін бері қарата алмай,
Жат көріп, өзге жанды жарата алмай,
Күй кешер бағзы бірде байғұс жүрек
ұядан ұшып түскен балапандай.
Үстіне Ана құстай аяп қонар
Кім оған жанын жайып бəйек болар?
...Махбуза махаббат-ай, алып-ұшқан,
Өмірің кейде осылай аяқталар.
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі