Асылға балап сені Аққу дедім – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Асылға балап сені Аққу дедім» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 20.07.2021
  • 0
  • 0
  • 889
Асылға балап сені Аққу дедім,
Аққудан кем емессің,
нақ білгенім.
Құс-көңіл күнде өзіңе ынтыққанмен,
Ішкенім, амал қанша, тəтті у менің.
Қаталап,
жүргенімде шөлдеп-өліп,
Төсейсің ақ төсіңді көлге қонып...
Түрмейсің пейіліңнің пердесін көп,
Білмейсің сыр ашуды жөнге келіп.
Жаңғақ па дейін десем ырғын қатты,
Жаныңда кейбіреулер жылмың қақты.
Қамалға алдырмайтын айналдың ба,
Адамға беріп қойып бір жұмбақты?
Сен жүрсің жұмбағыңды қиындатып,
Мен жүрмін мимырт халде миым қатып.
«Бұл қалай?» – деп сұрауға мұршасы жоқ
Күн мен ай өтіп жатыр құйындатып.
Шаңына ілесе алмай аяң, жорға,
Күн мен ай өтіп жатыр...
аялдар ма.
Айтсаңшы ақ жарылып,
əлде... біреу
жаныңнан менен бұрын жай алған ба?
«Естіртер өлгенді де...» – дейді халық,
Кеше гөр, менен кетсе кей бұлалық.
Жасқана берудің не керегі бар,
Басқаға ауып жүрсе пейлің анық.
Жоқ, əлде?..
Періште ме ең таза, бұла
қылау дақ түсірмеген өз арына?
Жоқ, əлде...
Жан білместей,
жас күніңнен
жүрегің назалы ма, жазалы ма?
Мінезің мəйін, жұмсақ, –
мақтадайсың.
Көңілге – шыққан Күнсің, батқан Айсың.
Білемін, махаббаттың жұмбағы көп,
Сен оны ақтамайсың, даттамайсың.
Тыңдайсың сөзімді тек ұйып, тынып,
Күрсініп,
көкіректен күй ұқтырып.
«Қайда?» – лап қапылып-ақ қалам кейде
Аймалап, ойша өзіңді сүйіп тұрып.
Күніне қырық құбылып құмар ғашық,
Екіұдай Үміт, Күдік жүр арбасып.
...Түлкідей қарға аунаған Қансонарда,
Алдымнан тағы өттің-ау бұраң басып.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Асылға балап сені Аққу дедім өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Асылға балап сені Аққу дедім өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Асылға балап сені Аққу дедім өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Асылға балап сені Аққу дедім өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері