Елес

Бұл бетте «Елес» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 22.07.2021
  • 0
  • 0
  • 633
Бəрі де кеш!
Дүние – қаратүнек,
Жарық емес.
Есіктен жарым түнде сығаламай
Келсе екен
Жарым емес,
Жаныма Елес.
Сол Елес –
Есі-дертім,
Шын ғашығым...
Мен оның мың ғасырлық мұңдасымын.
Сенбесең, сергелдеңге ұшыраған
Жүректің жарыместеу тыңдашы үнін?
Сол Елес –
Бір жоғалып, бір көрінген,
Жұп жазбай көлеңкеммен бірге жүрген...
Жалғаннан жаным қашан жай таппақшы?
Жаратқан,
Сен білмесең,
Білмедім мен...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Елес өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Елес өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Елес өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Елес өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері