Алтай – Иса Байзақов

Бұл бетте «Алтай» атты Иса Байзақов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 22.11.2015
  • 0
  • 1
  • 5795
Кәрі Алтайдың жонынан кен атады,
Дабылымен еңбекті оятады,
Алтын атқан Алтайдың өрі-қыры,
Жігерімді масатпен қайнатады.
Алтын, күміс жерінен жентектеліп
Алып күшпен боратады.
Сауық-сайран кеш болса
Еңбек әнін қосылып шырқатады.

Қайырмасы:
Бүгін Алтай,
Жаңғырғандай,
Ұйқысынан оянып,
Шаттанғандай.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (1)

Айнура

мен қосылам

Осы автордың басқа өлеңдері