Аз білерсің мен жайлы, көп білерсің – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Аз білерсің мен жайлы, көп білерсің» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 20.07.2021
  • 0
  • 0
  • 761
Аз білерсің мен жайлы, көп білерсің...
Бірмезгіл көңілге аза шектірерсің.
Өлеңіне өлмейтін өмір тілеп
Жер бетінен бір ақын өтті дерсің.
Өтті дерсің бір ақын жарық күннен,
Күлер болса өзегін жарып күлген.
Талайлардың тұңғиық тағдырына
Абайлардың арманын алып кірген.
Болмағанмен Ұлы Абай, ірі Қасым,
Ақындар бар бірінен бірі басым.
Соның бірі өмірден өтті дерсің
Музасы мен қалдырып мұңын асыл.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Аз білерсің мен жайлы, көп білерсің өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Аз білерсің мен жайлы, көп білерсің өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Аз білерсің мен жайлы, көп білерсің өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Аз білерсің мен жайлы, көп білерсің өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері