Қырмызы гүл жайлады құба белді – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Қырмызы гүл жайлады құба белді» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 20.07.2021
  • 0
  • 0
  • 1289
Қырмызы гүл жайлады құба белді.
Құрғыр қыздар құлпырып шығады енді!
Есіңді алған қылығы еркелердей
Сылқ-сылқ күліп шалғынға бұлақ енді.
Буын босап барады, буын босап,
Күн нұрына болмайды-ау жуынбасақ.
Көктемеде үй бағу кімге ылайық? –
Көктөбеге шығайық ырым жасап.
Көктөбенің аржағы – алмалы бақ,
Асықпа тым, абайла, қалма құлап.
Гүлден-гүлге ұмтылған мен бейбаққа
Бірден-бірге барасың, қарғам, ұнап.
Алма бақ па мына маң, гүл жұмақ па?!
Бəз қалпынан барқыт бел бұлжымапты, ə?
«Кетіп қаппыз, аға, – деп, – тым жыраққа»...
Қабағыңды, қарағым, тұнжыратпа.
Мына бақтың ғажабы-ай!
Келіскені-ай!
Ішіне еніп термейміз жеміс қалай?
Анамыз ақ жаулықты – Алатау да,
Көктөбе – «Тақиялы періште» ғой!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қырмызы гүл жайлады құба белді өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Қырмызы гүл жайлады құба белді өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қырмызы гүл жайлады құба белді өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қырмызы гүл жайлады құба белді өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері