Кеш көрдім бе, айтшы, əлде, кезінде ме – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Кеш көрдім бе, айтшы, əлде, кезінде ме» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 20.07.2021
  • 0
  • 0
  • 757
Кеш көрдім бе, айтшы, əлде, кезінде ме –
Жанға жағып барады сөзің неге?
Тал бойымды еріткен ерке қылық
Көзіңде ме,
жоқ, əлде, сезімде ме?..
Əлде ғажап сол жұмбақ əніңде ме –
Саған қарай беремін, жаным, неге?
Қадіріңді білдіріп бір-ақ күнде,
Сабырымнан айырдың сағымға ене...
Мұң шақпайын деуші едім ешкімге енді,
Мүмкін, мансұқ еттім бе кеш гүлдеуді?..
Көргендеймін көзіңнен бір жұмбақты,
Сол жұмбақты тезірек шешкім келді.
Кезінде ме, айтшы, əлде, кеш көрдім бе?
Көшкен күнге не дермін? –
«Қош» – дермін бе?
Көз қырыңды сала жүр, айналайын,
Кеудемдегі сол нəзік өскен гүлге...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Кеш көрдім бе, айтшы, əлде, кезінде ме өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Кеш көрдім бе, айтшы, əлде, кезінде ме өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Кеш көрдім бе, айтшы, əлде, кезінде ме өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Кеш көрдім бе, айтшы, əлде, кезінде ме өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері