Көкше дәптерінен – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Көкше дәптерінен» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 20.07.2021
  • 0
  • 0
  • 689
Келімсек келген-кеткен қоныстанып,
Бейіштің қасиетті төрі ысталып..,
Көксеуі бабалардың көзден ұшып,
Көкше елі, кетіпсің ғой орыстанып?
Заманда қас-қабағы қатал мына
Кім білсін, Ібілістен бата алды ма:
Сайрайды жат тілінде жағы тынбай
Сарыуыз балапан да, сақалды да.
«Емес, – деп, – сайрағанның бəрі бұлбұл»
Ішімнен əрі жылап, əрі күлдім.
Зар мен зəр жайлап бара жатса қайтем
Талшығын алпыс екі тамырымның?
...Бұл жерге бұрын келгем – ұрын келгем,
Сұлудың сілеусін көз сұрын көргем.
Кəуірдің «дəуіріне» дауа таппай,
Жүрегім талай мəрте тілімделген.
Мен оны бүгін емес, бұрын көргем,
Несіне жасырайын сырымды елден:
Екі етпей «кеселім» мен меселімді,
Балым қыз балқаймақтай тілін берген.
Балым қыз қона бермес қолға дəйім,
Опалы оғыланға ол да – қайың.
Қол бұлғап қош айтқанда Қорлығайын,
Қалайша қайдағыға қор болайын?!
Ал бүгін...
Ал бүгін бе?
Ал бүгін бе?
Айтарсың арманда сол əнді кімге?
Басымнан бақиға ұшқан бақ сияқты
Балым да,
Бал айым да,
Бал күнім де...


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері