Ақпан – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Ақпан» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 20.07.2021
  • 0
  • 0
  • 899
Көңілімнен беймаза арылмады-ау мəңгі мұң,
Қайырлаған кемедей, қайран, менің тағдырым...
Көксүңгіге ілінбей,
Көктеменің күніндей
Нөсерлетіп өтсе екен төгіп-төгіп жаңбырым!
Мен аптапты аңсадым ақ қар, көк мұз ақпанда,
Мамыражай маңайым малынғанда мақпалға.
Алашұнақ аязда аласұрсам, қайтейін,
Алақ-жұлақ қасқырдай түсіп қалған қақпанға?..
Ұйқы сергек,
Көз көргек,
Көңілге ермек табылмай,
Қараңдайды қалың ой Қарымбайдың малындай.
Көз ұшында – көктем, жаз,
Өмір – аяң,
Күз – аян...
Аржағы ма, аржағы... айтпасаң да мəлім ғой...
Ашылса екен аспаным қабағыма бұлт қонбай,
Құдайыма құлдығым ылайым да құп болғай.
Ақ қанатты Періштем желеп-жебеп жүрсе екен,
Жұмырына ажалдың жұтылғанша жұқ болмай...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ақпан өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Ақпан өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ақпан өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ақпан өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері