He деген керемет күн – Мұқағали Мақатаев

Бұл бетте «He деген керемет күн» атты Мұқағали Мақатаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 22.11.2015
  • 0
  • 4
  • 19861
He деген керемет күн!
Жаныда бәрі даяр не керектің:
Көрінеді гүлдерің бүр жарғаны,
Естіледі ұшқаны көбелектің.
He деген керемет күн!
Естіледі бал-ара нәр сорғаны,
Бармақтай балапан құс ән салғаны.
Бәрін де кеудесіне қондырып ап,
Дала бір рахатта,
Дел-сал жаны.
Таулардың самал ессе балағынан,
Гүлдер тұр үзілердей сабағынан.
Шартарапта шауып жүр нұр мен шуақ
Шашырап күңнің алтын табағынан.
Сусындап көк аспанның шанатынан,
Шарықтап шыңырауда ана-қыран;
Ару-жер өз дидарын қарап жатыр,
Мөп-мөлдір, тұнық көктің жанарынан.
He деген керемет күн!
Кейпіне елітесің төңіректің.
Қаласа мына жатқан сәби-дүние.
Келеді өміріңді бере кеткің...


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (4)

Асубаев Нұржігіт

Недеген керемет шумақтар мен де осы ағама еліктеймін

Dinara

Оте керемет олендер

Акниет

Бұл жерде Мұкагалидің оте керемет олендері бар екен.Маган катты ұнады

Роза

не деген керемет күн

Осы автордың басқа өлеңдері