Түнде жазылған өлең – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Түнде жазылған өлең» атты Исраил Сапарбай жазған поэзия туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 20.07.2021
  • 0
  • 0
  • 569
Көнілім алай-дүлей, ала-құла,
Ит құмар болып алды балағыма.
Қадалып ақ қағазға отырғанда
Қан ұйып қалмас па екен қаламыма?..
Күндердің бірі ақпан да, бірі шілде,
Төрт мезгіл төбелесіп жүр ішімде.
Алаңсыз бала кездер, қара көздер
Есіме түседі ылғи түн ішінде.
Сұрама басқа жайды күндіз менен,
Күн барда көріне ме жұлдыз деген?..
Жасай бер, жарық дүние,
ақындарын
Жылатқан,
Жұбатпаған,
Күлгізбеген!!!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Түнде жазылған өлең өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Түнде жазылған өлең өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Түнде жазылған өлең өлеңі не туралы?

Бұл шығарма поэзия туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Түнде жазылған өлең өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері