Өмірдің арты – өкініш, басы – қайғы – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Өмірдің арты – өкініш, басы – қайғы» атты Исраил Сапарбай жазған мұң туралы өлең берілген.

  • 21.07.2021
  • 0
  • 0
  • 1293
Өмірдің арты – өкініш, басы – қайғы,
Өзен де өмір бойы тасымайды.
Боз бие – қу нəпсіге бой алдырған
Арқасын боз айғырдың қасылайды...
Өмірдің арты – өкініш, басы – қайғы,
Алмадай құрт кеулейді асыл ойды.
Баладай тəттіқұмар алаңдатып,
Адамды алдамшы үміт асырайды.
Өмірдін арты – өкініш, басы – қайғы,
Күннен нұр, Айдан күміс шашырайды.
Жақұт та көп алдайды көздің жауын,
Бақыт та бола алмайды басыбайлы.
Өмірдін арты өкініш, басы – қайғы...


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері