Тағдырым-ай – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Тағдырым-ай» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 21.07.2021
  • 0
  • 0
  • 767
Тағдырым-ай,
Тағдырым-ай,
Тағдырым,
Таңдайыма тамызсаңшы таң нұрын.
Тəңір сыйын талшық етсем деп едім,
Жақсылыққа, амал қанша, жарлымын.
Тағдырым-ай,
Тағдырым-ай,
Тағдырым,
Жаратқанның тəн алып па ең жарлығын?
Қара жүгін көтерсем де қайғының,
Ала жібін аттамадым арлының.
Тағдырым-ай,
Тағдырым-ай,
Тағдырым,
Тақуаның тыңдармысың зар-мұңын?
Енді қашан басылады жаңбырым?
Енді қашан ашылады жан гүлім?
Тағдырым-ай,
Тағдырым-ай,
Тағдырым,
Қайда қалды қамсыз, мұңсыз бал күнім?..
Тапқан бағым аялсыз да баянсыз,
Татқан дəмім, қайтейін-ай, қанжылым.
Тағдырым-ай,
Тағдырым-ай,
Тағдырым,
Айта беріп неғылайын барлығын:
Тағы қанша келетұғын қалды күн?
Тағы қанша көретұғын қалды мұң?..
Тағдырым-ай, тағдырым-ай, тағдырым.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тағдырым-ай өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Тағдырым-ай өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тағдырым-ай өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тағдырым-ай өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері

Басқа да жазбалар