Өлең, жыр, ақындар

Зейнолла Қабдоловқа

  • 21.07.2021
  • 0
  • 0
  • 1165
Зейнолла Қабдоловқа
Зейнолла ағамыз жетпіске толған торқалы той, мерекелі мезетте толассыз құттық тау лардан соң: «Жетпіске келгім келген жоқ» деп қалып еді. Осы бір ауыз сөз ойға оралғы болып, есімнен шық пай қойды.

Жетпіске келгім келген жоқ –
Желкеме мінді жер мен көк.
Серқайрат күндер, қайдасың
Серілік құрған серуендеп?..
Жетпіске келгім келген жоқ,
Есікке төрден телмеңдеп.
Ернінің балын ұсынып,
Енді кім бізге ем бермек?
Жетпіске келгім келген жоқ,
Өзгеден озып, өңмендеп.
Желігіп жүрдім қанша жыл
Кеудемді желпіп, жел кернеп.
Жетпіске келгім келген жоқ,
Кім енді бізді тең көрмек?
Суатым қалды-ау суалып,
Қуатым кетті-ау белден көп...
Жетпіске келгім келген жоқ,
Көлденең көзге көлбеңдеп.
Немере менен шөбере
Ететін шығар енді ермек...
Жетпіске келгім келген жоқ,
Барады ішті шер кернеп.
Төменге түскім келеді
Төбедей биік төрден кеп.
Жетпіске келгім келген жоқ...

12 желтоқсан, 1997 жыл.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ән

  • 0
  • 0

Көрпесінде көсіліп
Тыншығанда түз дала,
Домбыраға қосылып
Əн шырқады Қыз бала.

Толық

Көкірегінде көлдей тұнық мұңы бар

  • 0
  • 0

Көкірегінде көлдей тұнық мұңы бар
Ақын жанын сен ұқпасаң кім ұғар?
Аспанда емес,
Алты қаздың əуені

Толық

Күдік

  • 0
  • 0

Қызығы бұл дүниенің қалмағандай,
Көңілді мұң қамайды əлдеқандай...
Атып сап ұясына қонған Күнді,
Əлдекім қанжығасын қандағандай.

Толық