Алыптарды аңсау – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Алыптарды аңсау» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 21.07.2021
  • 0
  • 0
  • 677
...Кеудемде менің бір шам бар
Мың өшіп, күнде мың жанған.
Жанымда менің жүр шалдар
Құлқына ары құлданған.
Мақтауға кімді лайықтап,
Даттауға кімді шамам бар?! –
Алыптар көзден ғайып боп,
Ақылға қалса сараңдар.
Жұлдызды көктің заңғары
Жұртым-ау, қалай жұтаңдар?
Сары алтын сөздің сардары –
Қайдасың, қайран, Мұқаңдар?!
Балтəтті тұмам тартылып,
Басымнан бақыт ауғасын,
Бабамның салты сарқылып,
Саудаға түсті-ау сау басым.
Көңілімді қайтем шүкіршіл,
Көк түтін жұтса қос өкпем?
Құлагер қайдан құтылсын
Батыраш – бақай есептен?!
...Жалғанда мынау мінəйім
Мен күткен жарық осы ма?
Құдіреті күшті Құдайым,
Нысап бер кəрі-жасыңа...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Алыптарды аңсау өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Алыптарды аңсау өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Алыптарды аңсау өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Алыптарды аңсау өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері