Сарыала күз салқындады – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Сарыала күз салқындады» атты Исраил Сапарбай жазған табиғат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 21.07.2021
  • 0
  • 0
  • 1402
Сарыала күз салқындады,
Сағындырған қалпың кəні?
Жалған жақұт сияқтанып
Жерде жамбы жалтылдады.
Жамбы жерде, жамбы көкте.
Тəн түршікті таңғы лепке.
Жалғыз үміт ем болар ма
Жабырқаған жан-жүрекке?..
Түсіп кетті-ау араға айлар,
Жан қинайды жаман ойлар...
Қасіретіме қайың сыңсып,
Теңселеді қарағайлар.
Сен екенсің өмір теңім,
Мекендеші көңіл төрін.
Көлге қарап жабырқадым,
Шөлге қарап шөліркедім.
Сарыала күз салқындады,
Сағындырған салтың кəні?
Осы ма, əлде, сары алтындай
Сабыр түбі сарқылғаны?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сарыала күз салқындады өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Сарыала күз салқындады өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сарыала күз салқындады өлеңі не туралы?

Бұл шығарма табиғат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Сарыала күз салқындады өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері