Ғажапсың, Өмір, ғажапсың! – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Ғажапсың, Өмір, ғажапсың!» атты Исраил Сапарбай жазған өмір туралы өлең берілген.

  • 21.07.2021
  • 0
  • 0
  • 1233
Ғажапсың, Өмір, ғажапсың!
Қайғыдан қалай азатсың?
Таңғы ауаңменен талдыршы,
Тамырда қаным таза ақсын.
Көкіректен мəңгі шер кетсін,
Еркетай көңілім ержетсін.
Табиғат – ана əлдилеп,
Талбесігінде тербетсін.
Аптыққан көңіл басылсын,
Аспанның көзі ашылсын.
Əлемнің күллі ағыны
Кеудеме келіп бас ұрсын!
Тылсымның түріп түнегін
Алдымнан шықсын Жібегім.
Жанарым тұрсын жасаурап
Жарыла жаздап жүрегім.
Айықсын дерттен өн-бойым,
Ажалым жетпей өлмейін.
Көкірегім тұрсын шымырлап
Көгілдір қонған көлдейін...


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері