Жазда жаным жаурады, қалтырап тəн – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Жазда жаным жаурады, қалтырап тəн» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 22.07.2021
  • 0
  • 0
  • 832
Жазда жаным жаурады, қалтырап тəн,
Əлсіз сəуле жанады əр тұрақтан.
Тəуба айтатын сыңайым байқалмайды
Таңға мынау –
Маңдайын жарқыратқан.
Түн көлгірді таң мөлдір жалғағанмен,
Алмағайып күн кешіп, жан бағам мен.
Уақыттың құлағы тыншымайды
Жалған айтыс,
Залалсыз заржақ əннен...
Селт етпеген сезімі таңғы Азанға
Бұл қалаға бəрібір даңғазаң да.
Қаңғып кеткен қиялды ой қайтарып,
Қалғып кеткен жүректі əн жазар ма?..
Таң түрткілеп ұятсыз түн етегін,
Тағы да бір аңғартты күн өтерін.
Бүгін барлық күнəні жасап алып,
Ертең тегін өсекті гулетемін.
Əлден кейін Күн батып, кеш келеді,
Түн емшегін түрткілеп ешкі емеді.
Tapс бүркеніп алам да тас көрпені
Көрмеген боп жатамын ештеңені,
Білмеген боп жатамын ештеңені...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жазда жаным жаурады, қалтырап тəн өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Жазда жаным жаурады, қалтырап тəн өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жазда жаным жаурады, қалтырап тəн өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жазда жаным жаурады, қалтырап тəн өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері