Мерез – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Мерез» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 22.07.2021
  • 0
  • 0
  • 560
Апырай, тəубең қайда, тəубең қайда?
Алла емес,
Алтынға есің ауғандай ма?
Ынсапсыз ындыныңа ырық берсең,
Ауылы адалдықтың жауланбай ма?!
Апырай, сотың қайда, сотың қайда?
Төріңде Төбе биің отырмай ма?!
Қара бұлт - Қарымбайға қалың мал ма,
Қара жер - қағынғанға тоқымдай ма?!
Апырай, сыртың Хандай,
Ішің қандай?
Қаймана қарап тұрып қысылғандай!
Құлқыңа құлай сенсем жазығым не,
Құдайын құлша сүйген мұсылмандай?
Жастыққа тимей жүрген жар құлағы
Жапагер жарлы көңіл қан жылады.
Қанішер көз алдымнан кетпей қойды
Қандатқан аққу-қазбен қанжығаны.
Жан менен жайлап алып шер денені,
Мерт етер мені де ертең мерген оғы…
Жүре бер жұп жазбастан көлеңкеңмен,
Тірідей көміп тастап көрге мені!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мерез өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Мерез өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мерез өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мерез өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері