Бұл бетте «Сезімдер сіркірейді өлең болып» атты Анар Талапқызы Акишпаева жазған поэзия туралы өлең берілген.
Сезімдер сіркірейді өлең болып,
Жүректегі жалынға демеу болып.
Толғаныстан шырқаймын ғашықтықты
Махаббатың төрінде қонақ болып.
Кездейсоқ таныстық та екеуміз,
Бұл сәтте сезбек едік жалынды біз.
Міне, тағдыр қадамымды оңға басты
Махаббатты алғаш рет сыйлық етті.
Қандай бақыт сүйетінді сезетін,
Қандай бақыт өмірді де көретін.
Тұңғиықтан күнге шығып жаралған,
Бақытыңды қолға алып күлетін.
Ойлаушы едім, сезім келсе не етер едім?
Ештеңені сезбейтіндей кетер едім.
Махаббаттың жолы қиын болғанымен,
Шыңына арпалысып жетер ме едім?
Сездім енді махаббаттың құдірет күшін,
Адамзат жаралған тек сүю үшін.
Екі жүрек бірге соғып қосылса
Жоқ екен басқа арман көңіл үшін. (2003 ж.)
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі