Мұқағали – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Мұқағали» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 22.07.2021
  • 0
  • 0
  • 735
Алтын нұрын шаша бермес күнде аспан,
Нелер келіп,
Нелер кетпес бұл бастан...
Қайда барсам, қарсы алдымнан шығады
Мұқағали,
Мұңлықтармен мұңдасқан.
Мəйін мақам,
Мақпал дауыс,
Батсайы үн..,
Оң жағыңнан туды-ау бүгін жақсы айың:
Өзі өлгенмен, өлеңі өлмей өміршең,
Аруағы аунап жатыр сəт сайын.
Ақын адал туғаны үшін жазалы:
Елден бұрын емексиді ажалы!
Айналайын, қырдың қамсыз қазағы
Алтын шыққан жерді белден қазады.
Жырмен жаулап жəми жұрттың жүрегін,
Тылсым тағдыр түгесе алмай тілегін,
Ол да өксіп өтті емес пе өмірден
Өзектіге болғаннан соң бір өлім...
«Барсакелмес» баурайына үдеп көш,
Баяны жоқ бұл жалғаннан кім өтпес?..
Азды күнге араздасқан ағайын,
Кемді күнге болса кəні тілектес?
Мың мəртебе соқсын, мейілі, сұрапыл,
Мұқаңдардың мұқата алмас мұратын!
Қалай тыншып жатыр екен қабірде
Күн астында күркіреген ұлы ақын?!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мұқағали өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Мұқағали өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мұқағали өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мұқағали өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері