Көбейіп тұр көзі үңгір барымташы – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Көбейіп тұр көзі үңгір барымташы» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 22.07.2021
  • 0
  • 0
  • 638
Көбейіп тұр көзі үңгір барымташы,
Бару, алу, ішу, жеу... бар ынтасы.
Жаны игіге жалғанда жазығым жоқ,
Жаппар ием, мені де жарылқашы!?
Көзім – өзім,
Ешкімге аларғам жоқ,
Алмағайып өмірде əлі арман көп...
Алданышым таусылар,
Алып кетсе,
Алла жақтан бір күні Шабарман кеп.
Ала беріп, құдай-ау, не көрінді?
Беріп кетсем деп едім берерімді...
Алла жақтың елшісі, ей, Шабарман,
Мені алсаң ал,
Аяшы көк өрімді?..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көбейіп тұр көзі үңгір барымташы өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Көбейіп тұр көзі үңгір барымташы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көбейіп тұр көзі үңгір барымташы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Көбейіп тұр көзі үңгір барымташы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері