Қайда жүр едің? – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Қайда жүр едің?» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 23.07.2021
  • 0
  • 0
  • 710
Дарқан даланың
Гүліндей өңің.
Қалқам, қарағым,
Бүгінге дейін
Жайнап іреңің
Қайда жүр едің?
Əппақ Ай балқып
Тұнық аспанда,
Ақтоғай аңқып
Бүрін ашқанда,
Жайнап іреңің
Қайда жүр едің?
Желегін жасыл
Жамылған бақта
Керегімді асыл
Сағынған шақта,
Жайнап іреңің
Қайда жүр едің?


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері