Қол жетпес əлем-жəлемге – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Қол жетпес əлем-жəлемге» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 23.07.2021
  • 0
  • 0
  • 588
Қол жетпес əлем-жəлемге
Көзімді саттым, телмірдім.
Жезөкше мынау əлемге
Жетім көзімді емдірдім.
Қалмаған құйттай қадірі
Наданға сөзден бөз қымбат.
Азғындап алтын тамыры,
Бара ма ұрпақ тозғындап?
Мойынға мінген мінəжіп
Ұйқымды шəйдай аштырды.
Атымтай – көңіл құлазып,
Қарабай – пейіл асқынды.
Үмітті өлген азалап,
Күдікпен қайта туамын.
Жанымды жаспен жазалап,
Тəнімді таспен қуамын!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қол жетпес əлем-жəлемге өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Қол жетпес əлем-жəлемге өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қол жетпес əлем-жəлемге өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қол жетпес əлем-жəлемге өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері