Өмір! – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Өмір!» атты Исраил Сапарбай жазған өмір туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 23.07.2021
  • 0
  • 0
  • 759
Өмір!
Өтіп барасың бұрылмастан,
Қызық қуып қыздайын Қырым қашқан.
Ашу, басу айтатын шамаң бар ма
Ағайынға иттейін ырылдасқан?
Қырық құрау жүректі,
Қырық жамау
Түңілтетін түбінде түрің бар-ау.
Қабағың бір, қайтейін, ашылмады-ау,
Назарың бір, қайтейін, бұрылмады-ау.
Қара жердің түскенше қорабына
Көз қырыңды салсаңшы «қонағыңа».
Жалғызаяқ жолымды жалғармысың
Жаһан кезген бабалар сорабына...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өмір! өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Өмір! өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өмір! өлеңі не туралы?

Бұл шығарма өмір туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Өмір! өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері