Найзағай – Сағи Жиенбаев

Бұл бетте «Найзағай» атты Сағи Жиенбаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.07.2021
  • 0
  • 0
  • 1468
Айналып қызыл жалынға,
Қақ айырып қара түнекті,
Жарқ ете қалған шағында,
Жартастың төсі дір етті.
Қауқиып тұрған жаңағы –
Қалмады зәре түк талда.
Түнеріп келген қабағы –
Тентіреп кетті бұлттар да...
Қарама, бауырым, сен жерге,
Қуатың болса, басып қал,
Жарқылдап өзің келгенде,
Жасқанып қалсын жасықтар.
Қуатын күннің алам деп,
Қыран боп сонау биікке ұш.
Нашар боп тусаң амал не...
Найзағай болсаң, қиып түс!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Найзағай өлеңінің авторы кім?

Сағи Жиенбаев — осы өлеңнің авторы.

Найзағай өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Найзағай өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сағи Жиенбаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Найзағай өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері