Сағыныш

Бұл бетте «Сағыныш» атты Сағи Жиенбаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Көктемнің балғын күнінде
Жағаға келіп жаттым да,
Саусағым басы дірілдеп,
Атыңды жаздым ақ құмға.

Білмедің, бірақ сен оны,
Ол жайды ешкім білмеген.
Сол күні тентек жел қолы
Жасыра салған құмменен.

Қоштасып қырлар көп гүлмен,
Жер бетін қырау жапқанда,
Атыңды жазып кеттім мен
Алғашқы жауған ақ қарға.

Түспеді көзің оған да,
Саған да, бірақ жоқ өкпем.
Сол күні соққан боранда
Қар басып қалған кенеттен.

Гүл жапты талай белеңді,
Бұрқады талай ақ боран.
Атыңды сенің мен енді
Кеудеме жазып сақтағам.

Сақтаулы сонда бейнең мен
Сонау бір нәзік күлкің де.
Енді оны менің кеудемнен
Өшіру, сірә, мүмкін бе.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сағыныш өлеңінің авторы кім?

Сағи Жиенбаев — осы өлеңнің авторы.

Сағыныш өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сағыныш өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сағи Жиенбаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сағыныш өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері