Бұлақ әні

Бұл бетте «Бұлақ әні» атты Сағи Жиенбаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.07.2021
  • 0
  • 0
  • 1163
Сонау бір шыңда өстім мен,
Тозаң мен шаңнан адамын.
Тұнығым менің, ешкімге
Тигізе көрмес залалын.
Ешкім де қазір
шалғайдан,
Естімес бәлкім үнімді,
Татып бір көріп таңдайға
Тыңдаған білер сырымды.
Шайқасын дала дауылы,
Үстімнен қара жел төніп.
Жатармын тыныш бәрібір,
Жағамды шалғын көмкеріп.
Ішінде қалып дүлейдің,
Жатса да күнде құм ойнап,
Толқыным
өзге біреудің
Тұнығын кетпес лайлап.
Қалжырап әбден өз әлім,
Төнсе бір қауіп төбемнен,
Жерімнің лай-тозаңын
Кетермін жуып денемнен...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бұлақ әні өлеңінің авторы кім?

Сағи Жиенбаев — осы өлеңнің авторы.

Бұлақ әні өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бұлақ әні өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сағи Жиенбаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бұлақ әні өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері