Саған ода – Айдана Қайсарбекқызы

Бұл бетте «Саған ода» атты Айдана Қайсарбекқызы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 28.07.2021
  • 0
  • 0
  • 1090
Сен өзімсің өктемдеу, күйбелеңім,
Сен сезімсің көктемдей, сүймек едім...
Сені маған сыйлаған ұлы ғазал
Сыпайы кеп сыраңды құй деп едім!

Сен ғажапсың көрсеткен көзіме өлең,
Сен тозақсың өртейтін сөзіменен.
Сен қаласаң жұмақтан қашайын да
Айналайын Ләйләнің өзіне мен.

Сен сұмдықсың сорыңа бола туған,
Сен мұңлықсың нұр тамған қанатынан.
Сен қаласаң қабырға емес енді,
Мен қайтадан балшықтан жаратылам...

Сен сонда да сүйе алсаң - өсірер ең,
Сен сонда да сүймесең - кешірер ем.
Сен жанымда қалшы деп жалынар ем,
Жынды болып кетпесем осыменен.

Сен ғажапсың, басымды ием жылап,
Сен лəззəтсың әкеткен қиялға ұнап.
Сен сезімсіз шығарсың сүйілмейтін,
Сен азапсың! Тозақсың!
Сүйем бірақ!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері