Кеше мен сені тауып алдым да
Бұл бетте «Кеше мен сені тауып алдым да» атты Айдана Қайсарбекқызы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Кеше мен сені тауып алдым да,
Шауып ед жүрек Құлагер.
Соншама сені сағынармын ба,
Сен болмай шықты бірақ ол.
Алаулап едім өшіре салды,
Көрінді бəлкім тек елес.
Көздері сені есіме салды,
Сөздері бірақ сен емес.
Білмеймін кімге ғайып ұнапты,
Өңім мен түсім аралас.
Шашын да сендей қайырып апты,
Жасы да саған шамалас.
Көзіме ылғи көрінші деймін,
Үміттің шоғын үрледім.
Бойы да саған келіңкірейді,
Ойын мен бірақ білмедім.
Сəлемдесуге жарағаныммен,
Емес-ау сендей кең құшақ.
Мен оған сендей қарағаныммен,
Қарамады ол сен құсап.
Кеше мен сені тауып алдым да,
Шауып ед жүрек Құлагер.
Соншама сені сағынармын ба,
Сен болмай шықты бірақ ол.
Біл-әәәә...
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі