Бұл бетте «Сәйкессіздік» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Құндыз ішік,
бұлғын бөрік,
Көз қуантар,
сәнге серік
Затсың,
бірақ қоса алмайсың
Кигендерге ақыл бөліп...
Не болмаса тұрар пұлға,
Жан-жүректі бөлеп нұрға,
Кигендердің жасын ептеп
Шегерсең ғой бір он жылға.
Көз суарып, «келісіпті»,–
Дейтұғындай, сол ішікті
Бүркесе ғой ойқы-шойқы
Бойындағы кемістікті.
Танымайды адамды кім,
Түсінбейді бағаңды кім.
Бұлғын бүркеп тұра алмайды
Бадырайған жамандығың.
Мүмкіндік пен қажеттілік,
Сәйкеспейсің кезек тұрып.
Үйлестіру бұл екеуін
Керек етеді көп ептілік...
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі