Арман
Бұл бетте «Арман» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Отырмын өзім, ойым жүр орғып,
Ұясыз құстай орныға алмай.
Арманнан арман туады өрбіп,
Қиынға қиял жетелеп шалғай.
Сәбидей аңқау қараған күліп,
Келеді төніп, береді елес.
Жүр дейді алға, сүйрейді үміт,
Қыңыр ғой күдік, құрады егес.
Арбасты олар, жеңілді күдік,
Жөнелді арман, тынды ол іліп,
Жүйрік қой көңіл, тоқтай ма тынып,
Жаңа арман алда тағы тұр күліп.
- Аймақ Әбілда
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі