Албырттық
Бұл бетте «Албырттық» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Албырттық – жасық апармас қайда
Ілезде ұшып жетпей ме айға.
Өмірдің ойы-қырының бары
Ол кезде, сірә, келер ме ойға!
Көресің онда жолды тек даңғыл,
Жас арман жанға бере ме дамыл?
Дос сөзін ұғар бола ма шаман,
Қамыңды ойлап, қақса да дабыл.
Дұрыс қой өмір шыңына бойлау,
Жастықта жарқын жалын боп жай
Тәтті ғой қиял, арман да жақсы,
Артық қой бірақ жан-жақты ойлау.
- Омархан Айнұр
- Омархан Айнұр
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі