Сұлулық

Бұл бетте «Сұлулық» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.07.2021
  • 0
  • 0
  • 1314
Қандай сұлу
Отпен ойнап,
Құрыш құйған болатшы!
Қандай сұлу
Ұста жігіт
Талдай иген болатты!
Қандай сұлу
Шекарашы
Қыран құстай қырағы,
Шопан қыз ше!
Құшарлық-ақ
Жанған жігіт шырағы.
Қандай сұлу
Дәрігер қыз
Ажалменен алысқан,
Егінші ше,
Мерзім күтіп,
Уақытпен жарысқан!
Қандай сұлу
Жасы үлкенге
Қайырымды жас адам!
Қандай сұлу
Жүрек шіркін –
Сұлулықты жасаған!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сұлулық өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Сұлулық өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сұлулық өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сұлулық өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері