Адам

Бұл бетте «Адам» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.07.2021
  • 0
  • 0
  • 810
Достым, ұлы өмірге
Басқан түңғыш қадам,
Құйып соғар құрышты
Балға емес, адам!
Құралайды көзге атқан
Садақ емес, мерген.
Үлкен пештің өзі емес,
Нан пісіріп берген.
Ғылымның да өзі емес,
Дүниеге келген.
«Восток»,
«Космос» жаралған
Төккен маңдай терден!
Жер үстінде адамсыз
Іс сәтімен тынбас,
Адамсыз өрт тұтанып,
Жарты жаңқа сынбас.
Атом өртеп әлемді,
Қыл үстінде ғалам
Тұрса, шешер тағдырын
Жер тұтқасы – адам!
Тыңда достым, өмірге
Басқан тұңғыш қадам,
Қиынырақ бәрінен
Болу нағыз адам.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Адам өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Адам өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Адам өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Адам өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері