Жарастық – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Жарастық» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 28.07.2021
  • 0
  • 0
  • 678
Елжірейді жас келіншек
Бөбегіне үңіліп,
Албырайды ақша жүзі
Алаулап қан жүгіріп.
«Айым менің айнымаған
Көкесінен келбеті» –
Шаттанады уысында
Тұрғандайын жер беті.
Елжірейді жалын жігіт
Бөбегіне үңіліп,
Қоңыр жүзі алаулайды
Албырап қан жүгіріп:
«Аяулымнан айнымапты
Қасы-көзі қиылып» –
Күбірлейді, күлімдейді
Көзінен нұр құйылып.
Төрге шығып тайтаңдамас
Сор қызғаныш – жаны аштық.
Әрбір оттың басы толы
Болса осындай жарастық.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері