Дана – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Дана» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 28.07.2021
  • 0
  • 0
  • 1298
Нешеге келдің деме, сен,
Жасымды менің сұрама
Өмірдің күнін, күңгейін
Өткерген жылдар құра ма?
Іс болса ұждан ұялар,
Төрелік айтар жасы ма?
Күнәсін адам тартпай ма
Қарамай келген жасына.
Аласа ма екен ар-намыс
Аласа бойлы адамда?
«Пішіні жадау, жан жүдеу», –
Жамандау үшін амал да!
Сындардай биік бойлыда
Биік пе екен ой-арман?
Түсіне шаштың қарама,
Оның да көбі боялған.
Ащыны татып, алысты
Жортқаннан сұра жолдама.
Сонда да сонан ғибратты,
Кім ала білсе, сол – дана. 


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері