Жақсылықты, жаман-ау, күту, арып – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Жақсылықты, жаман-ау, күту, арып» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 06.11.2021
  • 0
  • 0
  • 611
Жақсылықты, жаман-ау, күту, арып,
Жан-жүйкеңді уақыт түтіп, анық.
Менің көзім түк көрмес, жер секілді,
Бәрін-бәрін жатса да жұтып алып.
Жатса, жерде табысып бақыт, көктем,
(Бақытымды жүр “біреу” атып көктен).
Менің басым бас емес тас секілді,
Дәуір тепкен, тасқынды уақыт тепкен...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері