Санамаймын жүрегімнің соққанын – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Санамаймын жүрегімнің соққанын» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 06.11.2021
  • 0
  • 0
  • 678
Санамаймын жүрегімнің соққанын,
Шамалаймын, тіршіліктің жоқ, барын.
Қыранға ұя көргем шыңның басынан,
Қыбырлаған құмырсқалар соқпағын.
Ұшқанды жүр біреу бақыт, сор балап,
Қия-шыңнан қыран құсым сорғалап.
Таутекелер түсіп мерген көзіне,
Құмырсқалар қыбырлайды жорғалап.
Бақыт – байлық, керегі жоқ маған көп,
Қара жерге, ой салғандай сонау көк.
Қарап, ұқтым құмырсқа мен қыранға,
Даңқтың да жолы осындай болар деп...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері