Баршылық – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Баршылық» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 28.07.2021
  • 0
  • 0
  • 633
Қиыстырып қиыннан,
Білдірмей жымын, есіліп.
Көрегенсіп қиырдан,
Ақжарқынсып, шешіліп.
Өзі ғана озады,
Өзгелерді өшіріп,
Өкінген де болады,
Мәні – жәйді кеш ұғып,
Өз басынан өткенді
Әлде кімге көшіріп,
«Ой сабазым»– дегенге
Ойланбастан төс ұрып,
Төрін барлап алмастан,
Аяқ жимай көсіліп.
Ортамызда баршылық
Жүретіндер есіріп
Әмір шіркін дарқан ғой,
Жатады бәрін кешіріп.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері