Ғылым – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Ғылым» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған білім туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 29.07.2021
  • 0
  • 0
  • 1343
Көне заман, қатар болса ғасыр үн –
Сенсің,
сенен ұқтым арман ғасылын.
Сенін түсер болса жарқын нұр сәулең,
Мынау дүние қала алмайды жасырын.
Асыққанға жеткізбес бір қиырсың,
Шыдамсызға шым-шытырық шиырсың.
Жолбикелер жолда табан тоздырар,
Желөкпеге нағыз тұсау, тыйымсың.
Сабырсызға шешілмейтін түйінсің,
Табансыздар тайып түсер қиынсың.
Бас құрасқан қайрат, төзім, мол бейнет,
Келелі іс қамындағы жиынсын.
Шыңыраусың жоқ аумағың, жоқ мүсін,
Ылғи да бір жоқ іздеген жоқшысың.
Таймас табан, қайсар қайрат маңайлар,
Солар ғана жетер жаншып топшысын.
Айқын сүрлеу, даңғыл жолың жоқ-тағы,
Қызықтырғыш жүзің қызыл шоқ-тағы.
Ымдап ылғи назар баурап алады.
Құзға асылған нәзік ешкі соқпағың.
Дәйім алдан жаңалықсың ашылар,
Адам үшін сенде ырызық асыл бар.
Сеніменен көне дүние жаңарып,
Сеніменен жақындайды ғасырлар.
Отан – кеме, сен – жылжытар желкені,
Жатыр сенде оның жарқын ертеңі.
Техника – үнің сенін, нәтижең,
Нұрландырар мынау байтақ өлкені.
Сеніменен жатыр мақсат алға асып,
Бүгінгі іс болашақпен жалғасып.
Батырларың бағындырып Космосты,
«Салют», «Союз» кемелер жүр алмасып.
Көне заман қатар болса ғасыр үн –
Сенсің
сенен ұқтым арман ғасылын.
Сенің түсер болса жарқын нұр сәулең,
Мынау дүние қала алмайды жасырын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ғылым өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Ғылым өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ғылым өлеңі не туралы?

Бұл шығарма білім туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Ғылым өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері