Ешкі соқпақ – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Ешкі соқпақ» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 29.07.2021
  • 0
  • 0
  • 632
Ешкі соқпақ,– соқыр соқпақ тұр алда,
Көмескі деп түспей әсте тұрам ба!
Жылымы мол, жыңғыл болсаң қайтер ем,
О, тағдырым, ризамын бұған да..
Биіктерге таласа қол созад та,
Бәрі емес, талайы асқан азад та.
Қызықтырып, қымсындырып көп көзді,
Бұл соқпақтың жол болуы ғажап па!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері