Бұл бетте «Дот» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Бородино даласы!
Куәсі қырғын ойранның.
Шіркін жер – ана жарасы
Қанша екен, сірә, ойладым.
Топырақ обыр талғандай,
Қан төкпей ғасыр өтпеген.
Өмірде өші қалғандай,
Ойнаған адам отпенен.
Жұтарман аузы үңірейген
Үңгірді біреу «дот»,– деді.
Елестей берді үреймен
Зіркілдеп оның от демі.
Жер ана!
Онсыз тірлік жоқ,
Қадірлеу – адам парызы.
Парызды осы мынау дот
Ескертіп тұрған тәрізді.
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі