Әйел бақыты – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Әйел бақыты» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған әйел туралы өлең берілген.

  • 29.07.2021
  • 0
  • 0
  • 3116
Әйел нәзік гүл дейсіндер ерекше,
Осы ойынды, достым өзің кел, екше.
Мәңгі гүлдеп болу үшін бақытты
Сол әйелге көп дүние керек пе?
Үймей-ақ қой басына оның бар құтты,
Сыйлама сен, оқа, ұштоп барқытты.
Ертелі-кеш үйге есіктен кіргенде,
Жадыраңқы ажарыңа ол бақытты.
Сыйлама сен, інжу, маржан, жақұтты,
Сыйлама сен, биік мансап тақытты.
Жүдеу жанын не сыныңқы қабағын
Тани салған назарыңа ол бақытты.
Ұстамасаң әйел еді деп ықтырып,
Бөлісетін болсаң барыңды ұқтырып.
Бар күйіңе ортақ етсең бақытты ол
Қызметінде болар мәңгі тік тұрып.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері