Өлең, жыр, ақындар

Қымбаттау мен арзандау

  • 05.10.2020
  • 0
  • 2
  • 3110
Үкімет сөзі маған бір заңдай тегі.
Заң мен өмір – күн менен айдай телі.
Қажет екен, ет пен нан қымбаттасын
Табан ақы адамның, маңдай тері.
Қымбатқа алып киерміз етікті де,
Толса болды бюджеттің кетіктері.
Не қымбаттап барады, не арзандап
Толғануға шақырым жетіктерді.
Аз тарттық па азабын әңгіліктің,
Болған шақта адам не, ән күдікті.
Бір күндіктің бағасы шырқап артып,
Кеткен жоқ па құлдырап мәңгіліктер?
Бәрінен де ар-ұят арзандады.
Кім көрді оған өшіртті, зар жандарды?
«Ұят күшті өлімнен» деуші сирек,
Мұның қандай табиғи бар заңдары?
Неден келді мәтөктік, маскүнемдік?
Кімнен туды жалақор, қаскүнем жұрт?
Қайдан шықты сыйласпау, сиыспаулар,
Қайырымсыздық, нас қылық, таскереңдік?
Ұятсыздық қыңбайды Құдайдан да,
Жаяды уын араңа, ұдай маңда.
Махаббаттың өзін де аздырулы,
От орнына құйғандай лай қанға.
Сезімдер де былапырт, бұлағай тым,
Өртемейтін жүректі, жыламайтын?
Қымбат етік жараса жыл киюге,
Кей махаббат айға да шыдамайды.
Мұның бәрі, халайық, өзіңе аян,
Қанаттыдан жүргендей озып аяң.
Қайда жаңа Ләйлә мен Мәжнүндер,
Қайда біздің қазақта Қозы, Баян?
Шақырмаймын өлуге, жоқ, оларша.
Махаббаттың деймін тек жоғы оралса.
Ғашықтықтың құдіретті музыкасын
Деймін кемі бір нота жоғары алса.Көп құзырды елемей өте бердік,
Алып келді азғындық төтен ерік.
Жетер енді!
Ел болып, үкімет болып
Адалдықтың бағасын көтерелік.
Ұрыларға, ұяты кеткен жанға:
Жерден қазып тап дейік кетпенді ал да.
Ар бар жерде адалдық қымбаттайды,
Арзандайды, етік те, ет пен нан да.



Пікірлер (2)

Гүлнәр Ербозқызы

Өте керемет өлең жолдары!Ақиқатты дөп басып жазыпты ағамыз!

Гүлнәр

Ел болам десең,бесігіңді түзе,-демекші,адам жүрегіндегі иман мен мейрімділікті,махаббат пен сүйіспеншілікті ояту мақсатында жазылған өлең екен.Керемет!

Пікір қалдырыңыз

Қызыл галстук

  • 0
  • 0

Көк теңіздің жағасына
Алтын доптай қалқып жеткен,
Жетті күннің шарасы да
Көкжиекке балқып көктен

Толық

Дала дастарқаны

  • 0
  • 1

Октябрь – той таңы да, сый таңы да,
Сол үшін құйшы, дала, құй тағы да!
Көрінші, қыз көркіңмен, ер тұлғаңмен,
Күлімдеп ән канаты, күй тағында.

Толық

Торы ат басы

  • 0
  • 1

Көрінген сонадайдан
Торы ат басы
Жаманды жаратканша, жаратпашы.
Айқасып қалмақтармен жатқан түнде,

Толық

Қарап көріңіз