Көзімді ашсам – Айсұлу Рүстемова‎

Бұл бетте «Көзімді ашсам» атты Айсұлу Рүстемова‎ жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 25.11.2015
  • 0
  • 0
  • 2459
Көзімді ашсам
Көлденең жосылар сағым.
Көгілдір күндер
Дейсің ба қосылар шағың.
Садаға кетсін
Көзімнің жасынан бәрі,
Ауаға айналған
арманды... несін аңсадым?
Ниет тек...
Бітпес мұңның бір толғауы ғана.
Жігіт боп кетті
Ойнайтын жолдағы бала.
Мен өтем осы
Мазасыз қалпымда білем.
Жолдағы бала
Үшін тек қорқамын, ана!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері