Шынар – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Шынар» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 29.07.2021
  • 0
  • 0
  • 721
Қына да жоқ бетінде жалтыр жартас
Тұр басында қасқайып жалғыз шынар.
Жан сезім жоқ ол баурап тартып алмас
«Үні шықпас жалғыздың»... – жалған шығар.
Тұр қасқайып бейне қас батырлардай,
Өлерменді өмірге шақырғандай,
Құларманға:
«Тұр, сен!»—деп ақырғандай,
Жүректерде арай таң атырғандай.
Сөнбейтұғын жастықтың алауындай,
Мәңгілік бір жаныңның қалауындай.
Қажымас та қалғымас қарауылдай,
Өлмес өмір жығылмас жалауындай.
Көз суарып, атой сап шың басынан...
Өтпеген бір қиындық, мұң басынан,
Аптап, аяз, ақ боран ала алмайтын,
Шынар адам
аумайды тұлғасынан.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Шынар өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Шынар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Шынар өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Шынар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері